Қысқы жолға шығарда жүргізушілер нені ұмытпауы керек
Қыстың көзі қырауда, қар, көктайғақ пен боран кезінде жолда күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін.
Осыған байланысты полиция жүргізушілерге қысқы сапарға алдын ала дайындалуды ескертті.
Көлік жолда тоқтап қалған кезде немесе көмек күтуге тура келген жағдайда жылы киім мен көрпенің болғаны абзал.Жолға шығар алдында телефонды толық қуаттап, қосымша қуаттағыш құрылғыны бірге алған жөн.Қараңғы уақытта көлікті тексеру немесе қажетті заттарды табу үшін қолшам қажет.
Көлік қарға батып қалған жағдайда оны шығару үшін сүйреткіш арқан мен күрек қажет болуы мүмкін.Көлік әйнектерін қар мен мұздан тазарту үшін арнайы щетка мен мұз қырғыш болғаны дұрыс.Көлік жолда мәжбүрлі түрде тоқтаған жағдайда басқа жүргізушілерге ескерту үшін апаттық тоқтау белгісі мен жарық шағылыстыратын кеудеше қажет.Көмек қобдишасы
Жолда күтпеген жағдайларға дайын болу үшін алғашқы көмек қобдишасы мен өрт сөндіргішті алып жүру қажет.Жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын, әсіресе тежегіш жүйесін, аккумуляторын, жарық шамдарын және қысқы дөңгелектерді тексеріңіз.Ауа райы болжамы мен жол жағдайын алдын ала біліп, қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтаңыз. Боран күшейсе, сапарды кейінге қалдырған дұрыс.
Айта кететін жайт, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап электромобиль нөмірін жасыл түске ауыстыру міндетті болмайды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026