Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіленді

kz.kursiv.media

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіленді

Ішкі істер министрлігі қаруды заңсыз айналымнан алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр

Polisia.kz хабарлауынша, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2 200-ден астам түрлі қару тәркіленді. Оның ішінде 190 дана криминалдық қару бар, оның 162-сі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

«20-22 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Үш күн ішінде 188 атыс қаруы, оның ішінде 17 ойық ұңғылы, 125 тегіс ұңғылы және 46 өзге де қару, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 500-ден астам оқ-дәрі мен сегіз граната тәркіленді», – делінген полиция ақпаратында.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемалдың айтуынша, 20 қарашада Түркістан облысында полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы тұрғынынан ойық ұңғылы винтовка, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, пневматикалық винтовка, белгі беру тапаншасы және әртүрлі калибрдегі 28 патрон тауып, тәркіледі.

Айта кететін жайт, Алматы тұрғынының үйінен тұтас қару-жарақ арсеналы табылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар