Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шахмұрат Мүтәліпке қатысы бар компания "Алтыналмастың" ірі акционері атанды

kz.kursiv.media

Шахмұрат Мүтәліпке қатысы бар компания Алтыналмастың ірі акционері атанды

«Central Asia Resources Holding Ltd» компаниясы «АК Алтыналмас» АҚ акционерлерінің бірі атанды. Қаржы есептілігі депозитарийінің дерегінше, өзгеріс 2026 жылғы 23 қарашада тіркелген. Бұл жайт 100 пайыз акцияны сатып алу мәмілесіне дайындық аясында өтіп жатыр. Акционерлер құрамының өзгеруіне қаржы сарапшысы Арман Батаев назар аударды.

«Central Asia Resources Holding Ltd» компаниясы 2026 жылдың қаңтарында АХҚО-да тіркелген. AFSA тізілімі бойынша оның акционерлері: Шахмұрат Мүтәліп, «Central Mine Reserves Ltd» және Мәди Әбілғазин қатысатын «Vega Holding Ltd».

«Алтыналмастың» дауыс беретін акциялардың 10 пайызынан астамына ие ірі акционерлер қатарында:

Нақты қанша акция сатып алынғаны және мәміле сомасы әзірге ашылмады.

Батаевың айтуынша, өзгеріс дәл «Central Asia Resources Holding Ltd» 1,5 млрд долларға облигация шығарған күні болған. Облигация шарттарына сай, тартылған қаржы тау-кен саласындағы компаниялардың акцияларын сатып алуға бағытталуы тиіс.

Шахмұрат Мүтәліптің құрылымдары «Алтыналмас» акцияларының 100 пайызын сатып алу туралы келісімге қол қойғаны 2026 жылдың басында (наурызда) белгілі болған. Сол кезде Мүтәліпке тиесілі Central Asia Resources Holding Ltd. компаниясы «Алтыналмас» АҚ-ның 100% акциясын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойған.

Алайда бұрынғы иелері әлі де ірі акционерлер тізімінде тұрғандықтан, мәміле толық аяқталған жоқ.

Акционерлер құрамындағы жаңалық алдында «Алтыналмас» бірнеше ірі келісім жасасқан.

Компания 21 қарашада жиынтық активтерінің 25 пайызынан асатын көлемде қаржыландыру беру аясында қарыз шартына қол қойды.

Ал 23 қарашада әрқайсысы активтердің кемінде 25 пайызын құрайтын кепілдік шарты бойынша тағы екі ірі мәміле жасалды.

Бұған дейін «Алтыналмас» 98,6 млн доллар облигациясын мерзімінен бұрын кері сатып алмақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар