Алматы 2027 жылғы әлемнің үздік 20 туристік бағытына кірді
Алматы 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемнің үздік 20 бағытының қатарына кірді. Жыл сайынғы тізімді британиялық BBC басылымының редакторлары жасаған.
Сарапшылар Қазақстанның ең ірі қаласына заманауи өнермен, ұлттық қолөнермен және қазақ асханасымен танысу үшін баруға кеңес береді. Авторлар өңірдің бірегей табиғи ландшафттарына, яғни қар басқан тау шыңдары мен мөлдір көлдеріне ерекше назар аударған.
Редакторлар басты мәдени алаңдардың қатарына Almaty Museum of Arts пен «Целинный» заманауи мәдениет орталығын қосты. Суретшілер мен шеберлер көшпенділер мәдениетінің шығармашылық мұрасын жаңаша пайымдап, оны өнер туындыларында бейнелеуде.
Сондай-ақ жыл сайын мыңдаған көрермен жинайтын The Spirit of Tengri халықаралық фестивалі де туристерді тартатын маңызды орын ретінде аталды.
Тізімге Францияның тарихи Бургундия өңірі, Канаданың Альберта провинциясы және Италияның Сардиния аралы да енген.
Рейтингті жасау кезінде туризм мәдени мұра мен қоршаған ортаны сақтауға ықпал ететін және жергілікті қауымдастықтарға пайда әкелетін бағыттарға ерекше көңіл бөлінген.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026