Шымкенттегі білім бесіктерінде «Заң және Тәртіп» тақырыбында диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды
Құқықтық сауаттылық – заманауи қоғамның маңызды құрамдас бөлігі. Бүгінгі таңда жастардың заңды білуі мен оны сақтау қажеттілігі ерекше мәнге ие. Бұл мақсатта, Шымкент қаласындағы №68 жалпы орта білім беретін мектепте 11 «А» сыныбында «Заң және тәртіп» тақырыбында диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілікті сезіну, құқық пен міндет туралы ақпаратты пысықтау, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.
Заң – қоғамның тыныс-тіршілігінің регламенттері мен нормаларының жинағы, ол жеке тұлғалардың, топтардың және мемлекеттің іс-әрекеттерін реттейді. Заңның талаптары мен нормалары азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауды көздейді. Заңды білмей, оны сақтамаған жағдайда, азаматтар өздерінің құқықтық мәртебесін қорғау мүмкіндігінен айрылады. Сондықтан, заңды білу – қоғамның әрбір мүшесінің міндеті.
Жастар – мемлекетіміздің болашағы. Олардың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығы, қоғамымыздың дамуында шешуші рөл атқарады. Диктант барысында оқушылар заңгерлік, құқықтық білімдерін тереңдете отырып, адалдық, жауапкершілік, қоғамдық тәртіп және заңға құрмет көрсету туралы пікірлерін білдірді. Олар заңды сақтау қоғамға құрмет екендігін тебірене жеткізді. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын да білетіндерін айтып өтті. Осы бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын тапса деген ниеттері барын да жасырмады. Оқушылардың құқықтық сауаттылығының артуы, оларды жауапты азамат ретінде тәрбиелеуге көмектеседі.
Мектептің негізгі мақсаты – білім берумен қатар, тәрбиелеу. Құқықтық білім беру сабақтары, семинарлар, конференциялар өткізіле отырып, оқушылардың заңды білуі мен түсінуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, заңға деген құрметін арттыруға ықпал етеді. Мектеп қабырғасында басталған құқықтық білім, олардың болашақ өміріне, қоғамдық ортада өз құқықтары мен міндеттерін білуіне негіз болады.
Заңды білу мен сақтаудың маңызы, ол азаматтық жауапкершілікпен тығыз байланысты. Азаматтың қоғам алдында өз құқықтарын қорғау үшін, құқықтық сауаттылығы болуы тиіс. Оқушылардың құқықтық білімді тереңдету, оларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу – әрбір мұғалімнің міндеті. Заңды білу, оны сақтау – тек міндет қана емес, сонымен қатар, тұлғаның қоғамдық жауапкершілігін білдіретін құндылық.
Заңды бұзу – қоғам үшін қауіпті. Оның алдын алу – тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес, кез келген азаматтың міндеті. Құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, жастарды заңдық нормаларды түсінуге үйрету, олардың қоғамда азаматтық және құқықтық жауапкершілігін арттырады. Сынып жетекшісі Н.Шанетованың жетекшілігімен өткізілген жұмыстың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын көтеріп, оларға заңды білу, оны сақтау қажеттілігін түсіндіру.
Құқықтық білім – әр азаматтың жауапкершілігі. Заң мен тәртіпті сақтау – жеке тұлғаның ғана емес, қоғамның да дамуына ықпал ететін маңызды фактор. Жас ұрпақты құқықтық біліммен қаруландыру, оларды заңға деген құрметпен тәрбиелеу – біздің буынның және мектептің басты міндеті. Олай болса, «Заңды білу – міндет, оны сақтау – жауапкершілік!» деген ұранды әрбіріміз жадымызда сақтап, құқықтық мәдениетімізді көтеруге тиістіміз.
Құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында алдағы уақытта да оқушылар арасында осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026