Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде 18,8 млрд теңгеге 5 мың орындық әмбебап спорт аренасы салынады

kz.kursiv.media

Ақтөбеде 18,8 млрд теңгеге 5 мың орындық әмбебап спорт аренасы салынады

Ақтөбе қаласында әмбебап спорт кешені салынады. Нысанды салуға және жабдықтауға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге бөлінді.

Бүгінде Ақтөбе облысында 770 спорт нысаны жұмыс істейді. Соңғы үш жылда өңірде 31 жаңа кешен пайдалануға берілді. Алайда қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктеме әлі де жоғары, бұл тұрғындарға арналған жаттығу бағдарламаларын кеңейту мүмкіндігін шектеп отыр.

Жаңа кешеннің жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады. Нысан отандық құрылыс материалдарын пайдалана отырып салынуда. Жобада бірнеше функционалдық аймақ қарастырылған:

Кешеннің жаттығу залдары кәсіби спорт жабдықтарымен жарақтандырылады. Оларды сатып алуға да Инфрақұрылымды дамыту қорынан қаражат қарастырылған. Спортшыларды даярлауға отандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарту жоспарлануда.

Кешенді 2028 жылғы ақпанда пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа нысан өңірдің гимнастика залдары мен олимпиадалық бассейнге деген қажеттілігін өтеуге, қаладағы спорт нысандарының тәуліктік өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ балалар мен жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері елімізде 188 спорт кешенінің құрылысы жүргізілді. Бүгінде 69 нысанның құрылысы аяқталды, оның 51-і ауылдық жерлерде ашылды. Жыл соңына дейін тағы 52 нысанды пайдалануға беру жоспарланған.

Бұған дейін Жетісу облысының алты ауданын газбен қамтуға 37,4 млрд теңге бөлінгенін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар