Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Qazaq Stroy компаниясының PR-директоры тағайындалды

kz.kursiv.media

Qazaq Stroy компаниясының PR-директоры тағайындалды

Алексей Бендзь Qazaq Stroy компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды. Ол компанияның коммуникациялық стратегиясына, БАҚ-пен байланыс орнатуға, корпоративтік беделін нығайтуға және ақпараттық жұмысын үйлестіруге жауап береді.

Алексей Бендзь стратегиялық коммуникациялар, корпоративтік PR және беделді басқару салаларында тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары ірі компаниялардың коммуникация бөлімдерінде басшылық қызмет атқарған. Олардың қатарында телекоммуникация саласындағы компаниялар мен халықаралық консалтинг ұйымдары бар. Сондай-ақ Big4 тобына кіретін компаниялардың бірінде PR бағытын басқарған.

2013–2020 жылдары Beeline компаниясында корпоративтік коммуникацияларға жауапты болды. Кейін энергетика саласында жұмыс істеп, экономиканың түрлі секторларында коммуникациялық жобаларды жүзеге асырды.

Qazaq Stroy компаниясына келгенге дейін дағдарыстық PR және корпоративтік беделді басқаруға маманданған 2B Agency агенттігін дамытқан.

Алексей Бендзь жаңа қызметінде құрылыс компаниясының жұмысы туралы ақпаратты ашық әрі жүйелі таратуға басымдық беретінін айтты. Оның сөзінше, коммуникация тек жаңа жобаларды таныстырумен шектелмей, клиенттермен, серіктестермен және қоғаммен тұрақты диалог орнатуды қамтуы керек.

Компанияның негізгі коммуникациялық басымдықтары қатарында қызметінің ашықтығын арттыру, тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен байланысты нығайту, құрылыс сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты өзгерістерді түсіндіру және жайлы тұрғын үй стандарттарын ілгерілету бар.

Qazaq Stroy компаниясы жылжымайтын мүлік нарығында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде жалпы аумағы 2 млн шаршы метрден асатын тұрғын үй салып, пайдалануға берген. Қазір Алматы мен Астанада тұрғын үй кешендерін жүзеге асырып келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар