Қарашаның қысқа күндері: Қазақстанның қай өңірінде күн ерте батады (инфографика)
26 қарашада Өскеменде күн батқан сәтте Ақтауда күннің батуына әлі 2 сағат 28 минут қалады. Таңертең де айырма екі сағаттан асты. Алматы мен Талдықорғанда күн шыққанда, Оралда күннің шығуына 2 сағат 11 минут бар болады. Kursiv.Media 17 облыс орталығы мен Астана, Алматы және Шымкенттегі күннің шығуы мен батуын салыстырып, интерактивті картада көрсетті.
Картадан өңірді таңдаңыз. Уақыт облыс орталығы бойынша көрсетілген.
Күн ұзақтығы — 8 сағ 26 мин
Картаға енген 20 қаланың ішінде күндізгі уақыт Шымкентте 9 сағат 27 минутқа созылса, Петропавлда 7 сағат 51 минут болды. Яғни Шымкентте күн көкжиектен 1 сағат 36 минут ұзағырақ көрінеді.
Қалалардың шығыс пен батыста орналасуы күннің сағат бойынша қашан шығып, қашан бататынына әсер етеді. Ал қарашаның соңында солтүстікке қарай күн қысқара түседі. Сондықтан күн ең ерте бататын қала Өскеменде болса, ең қысқа күндізгі уақыт Петропавлда.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026