Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда нөсер жауын күтіледі: коммуналдық қызметтер дайындықты күшейтті

kz.kursiv.media

Алматыда нөсер жауын күтіледі: коммуналдық қызметтер дайындықты күшейтті

27 қарашада Алматыда ауа райы нашарлап, жауын-шашын мен екпінді жел күтіледі. Қаланың коммуналдық қызметтері су басудың алдын алу үшін арнайы техника мен жедел бригадаларды дайындады.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 27 қарашада сағат 02:00-ден 19:00-ге дейін жауын-шашын жауады. Оның жалпы мөлшері 13–16 мм болады деп болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ауа температурасы түнде +3…+5 °С, күндіз +5…+7 °С шамасында болады.

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, жекелеген аумақтарды су басудың алдын алу және оның салдарын жою үшін 85 жедел бригада кезекшілікке қойылған.

Олардың құрамында 1 579 жол қызметкері бар. Сондай-ақ 415 арнайы техника, 97 мотопомпа және құм салынған 5 мыңға жуық қап дайындалған.

Су жиналуы мүмкін аумақтарға су сорғыш машиналар орналастырылып жатыр. Бұдан бөлек, техника тұрақтарында 185 құм шашатын және 15 JetBroom машинасы әзір тұр.

Жалпы, коммуналдық қызметтерден тәулігіне 3 250 жол қызметкері мен 1 225 арнайы техника жұмысқа шығады. Жолдардың жағдайын бақылау және тазалау жұмыстарын үйлестіру үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Синоптиктердің болжамынша, 28 қарашаға қараған түні де жауын-шашын жалғасады. Сенбі күні ауа температурасы +6…+8 °С шамасында болады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларын жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолында сақ болу ұсынылды.

Жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдықты таңдап, арақашықтықты сақтау және жолдағы көріну деңгейінің нашарлауы мүмкін екенін ескеру қажет.

Бұған дейін, Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар