Астана – Қызылорда пойызы желтоқсаннан бастап Stadler вагондарымен жүреді
Астанадан Қызылордаға қатынайтын пойыздың вагондары жаңартылады. 13 желтоқсаннан бастап №66/65 «Нұрлы жол – Қызылорда» пойызының құрамына отандық өндірістен шыққан Stadler вагондары қосылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңартылған пойыз құрамында жалпы саны 416 жолаушыға арналған 9 вагон болады. Пойыз аталған бағытта күнара қатынайды.
Жаңа вагондар жолаушылардың жайлылығына арналған бірқатар жабдықпен қамтылған. Атап айтқанда, олардың ішінде:
Билеттерді bilet.railways.kz сайты арқылы немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.
Еске салайық, 23 қарашадан бастап «Нұрлы жол – Атырау» пойызы жаңа Stadler вагондарымен қатынайды. Отандық вагондар қолданыстағы стандартты вагондардың орнына шығарылады. Пойыз құрамында тоғыз вагон болады. Купе вагондары 40, плацкарт вагондары 56 жолаушыға арналған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026