Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан тоғыз айда 6,4 млрд доллардың агроөнімін экспорттады

kz.kursiv.media

Қазақстан тоғыз айда 6,4 млрд доллардың агроөнімін экспорттады

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) өнімдерінің экспорты 34,7%-ға өсіп, 6,4 млрд долларға жетті. Әсіресе күнбағыс майы, ұн және мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан.

2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы көрсеткіш 34,7%-ға жоғары, былтыр 4,8 млрд доллар болған.

Экспорт құрылымында астықпен қатар өңделген өнімдердің үлесі де артып келеді. Әсіресе күнбағыс майы, ұн және мал азығы өнімдері экспортының өсімі артқан.

Атап айтқанда, күнбағыс майының экспорты 470,9 мың тоннадан 661,5 мың тоннаға дейін өсті. Ал экспорттық түсім 474,6 млн доллардан 731,4 млн долларға жетті. Бидай және бидай-қарабидай ұнының экспорты 1,3 млн тоннадан 1,59 млн тоннаға дейін ұлғайып, түсім көлемі 343 млн доллардан 462,2 млн долларға дейін артты.

Мал азығы өнімдері экспорты да айтарлықтай қарқынды. Есепті кезеңде бұл өнімдердің экспорт көлемі 2,85 млн тоннаға, ал құны 662,3 млн долларға жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2,02 млн тонна өнім 425,7 млн долларға экспортталған болатын.

Сонымен бірге астық экспортының көлемі де жоғары деңгейде сақталып тұр. Тоғыз айда шетелге 6,2 млн тонна бидай мен меслин жеткізіліп, экспорттық түсім 1,42 млрд долларды құрады. Өткен жылы осы уақытта 5,5 млн тонна өнім 1,12 млрд долларға экспортталған болатын. Зығыр тұқымының экспорты 881,7 мың тоннаға жетіп, оның құны 429,3 млн доллар болды.

Айта кетейік, өсімдік майы, ұн және мал азығы өнімдері экспортының артуы Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі ілгерлеушілікті көрсетеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар