Шымкентте жол қауіпсіздігі басты орында
Жол қозғалысы ережелерін сақтау әр жүргізушінің міндеті. Алайда қоғамдық пайдаланудағы көшелерде айналасындағыларға қауіп төндіріп, қауіпті дрифт жасап, жол ережесін елемейтіндер қатары азаяр емес. Жол жүру ережелерін бұзу, әсіресе, қала көшелерінде жиі кездесетін жайт. Осындай жағдайлар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіруде.
Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілер өздерінің және басқалардың өмірлеріне қауіп туғызатыны айқын. Жылдамдықты асырған, дрифт жасаған немесе бағдаршам сигналдарын елемейтін жүргізушілердің әрекеттері нәтижесінде көптеген жол-көлік оқиғалары орын алады. Бұл, әсіресе, балалар, егде адамдар мен мүгедектер сияқты осал топтар үшін үлкен қауіп тудырады.
Адамдардың, әсіресе жастардың, қоғамдағы жауапкершілікті сезінуі өте маңызды. Жол қозғалысы ережелері — бұл тек қағазда жазылған ережелер ғана емес, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал. Жүргізушілер жолда өздерінің емес, басқалардың өміріне жауапкершілік алатынын түсінулері тиіс.
Сондықтан, жол қозғалысы ережелерін бұзғандары үшін жазаларды күшейту, және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы науқандар өткізу маңызды. Жүргізушілерді жауапкершілікке шақырып, жол ережелеріне құрметпен қарауға көңіл бөлуіміз керек.
Кез келген азамат, жүргізуші немесе жаяу жүргінші, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты. Заңды және моральдық нормаларды сақтау — бұл барша қоғамның мүддесі. Жол қозғалысы ережелері — қауіпсіздік кепілі, және оларды сақтау әр жүргізушінің міндеті.
Шымкент қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында полиция қызметкерлері Toyota Camry және Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктердің жүргізушілерін анықтады. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өзгелерге қауіп төндірген. Мәселен, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Сондай-ақ бұрылуға тиым салатын белгіге қарамай үшінші жолақтан бұрылып кеткен. Жүргізушілер жолда авариялық жағдай туғызған, жарық құралдарын пайдалану және жол таңбаларының талаптарын сақтамаған. Тексеру барысында олардың М.Т және Д.С Шымкент қаласының тұрғындары екені анықталды. Сонымен қатар, біреуінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Бұдан бөлек, екі жүргізушінің әрекетінен ұсақ бұзақылық белгілері де анықталды.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша жүргізушілерге қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен екеуі де 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026