Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Фермерлер неге өнімін делдалдарға сатуға мәжбүр

kz.kursiv.media

Фермерлер неге өнімін делдалдарға сатуға мәжбүр

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймалар мен өңдеу кәсіпорындары жетіспейді. Соның салдарынан фермерлер өнімін жинаған бойда арзан бағаға сатуға мәжбүр болып, делдалдарға тәуелді болып отыр.

Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы санағына сәйкес, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 30,6 пайызы делдалдар арқылы, 38,4 пайызы тікелей халыққа сатылған. Мал шаруашылығында бұл көрсеткіштер тиісінше 31 және 45,4 пайызды құраған.

Ал кооперативтер мен экспорттың үлесі өте аз. Өңдеу кәсіпорындарына өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 13 пайызы, мал шаруашылығы өнімдерінің небәрі 4,1 пайызы жеткізілген.

Energyprom.kz мәліметінше, фермерлер үшін инфрақұрылымның қолжетімсіздігі де өзекті мәселе. Сауалнамаға қатысқан шаруашылықтардың 71,9 пайызы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына, 70,3 пайызы көтерме-тарату орталықтарына қол жеткізе алмайтынын айтқан.

Сонымен қатар респонденттердің 74,4 пайызында 100 шақырым радиуста жеміс сақтайтын қойма, 72,4 пайызында көкөніс пен картоп сақтайтын орын жоқ. Шаруашылықтардың тек 28,5 пайызы ғана астық қоймаларына қол жеткізе алады.

Сарапшылардың пікірінше, сақтау орындарының тапшылығы фермерлерді өнімін жинағаннан кейін бірден сатуға мәжбүр етеді. Өйткені оны тиімді баға қалыптасқанша сақтайтын мүмкіндік жоқ. Нәтижесінде шаруалар маусым кезінде бағаның төмендеуіне және делдалдардың шарттарына тәуелді болады.

Кейбір шаруашылықтар бұл мәселені өздері шешуге тырысып, өнім өңдеу, сауда және тасымалдау бағыттарын қатар дамытып жатыр. Мәселен, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 18,2 пайызы мал шаруашылығы өнімдерін, 5,5 пайызы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өздері өңдейді. Ал 8,6 пайызы саудамен, 4,2 пайызы тасымалдаумен айналысады.

Зерттеу дерегіне сәйкес, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 1 пайызы ғана агротуризмді қосымша табыс көзі ретінде дамытып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоғыз айда 6,4 млрд доллардың агроөнімі экспортталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар