Астана мен Ақмола облысының жүргізушілеріне ескерту жасалды
Бүгін Астана қаласы мен Ақмола облысында жаңбыр жауып, ауа температурасы нөлден жоғары болып тұр. Кешкі уақытта күн суытып, жол бетінде мұз қатуы мүмкін.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдарға шығатын жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырады.
Мамандар көлікке қысқы дөңгелек орнатылмаған жағдайда қала сыртына шықпауға, жол жағдайына сәйкес жылдамдықты азайтып, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ күрт тежелуден, жолақты оқыс ауыстырудан және орынсыз басып озудан бас тартқан жөн.
«Әсіресе көпірлерде, жол өткелдерінде, өрлер мен еңістерде сақ болыңыз. Бұл тұстарда мұз қату қаупі жоғары», – деп ескертті Қазавтожол.
Айта кетейік, республикалық автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан алуға болады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026