Құпиясөз сақтайтын 1Password желісіне хакерлік шабуыл жасалды
Құпиясөздерді сақтауға арналған танымал 1Password сервисінің ішкі жүйесіне хакерлік шабуыл жасалды. Зиянкестер компания қызметкерлерінің бірінің GitHub-тағы корпоративтік аккаунтына қол жеткізіп, пайдаланушылардың бірқатар дерегін ұрлаған.
Қолды болған ақпараттың ішінде пайдаланушылардың аты-жөні, электрондық пошта мекенжайлары, аккаунт идентификаторлары, тіркелген және соңғы рет кірген күндері бар.
Алайда компанияның мәліметінше, хакерлер пайдаланушылардың құпиясөздер сақталған қоймасына, оның ішіндегі деректерге және шифрлау кілттеріне қол жеткізе алмаған. Сонымен қатар шабуылдаушылар 1Password-тің жабық дерегіндегі бастапқы кодты көшіріп, бағдарламалық жасақтаманы құрастыру және орналастыру жүйесіне кірген.
Қазіргі уақытта компания бұзылған аккаунтты өшіріп, жария болуы мүмкін ішкі деректерге қолжетімділікті қайтарып алған. Сондай-ақ инфрақұрылымның қорғанысын күшейтіп, электрондық пошта арқылы жіберілетін растау кодтарының ұзындығын арттырған.
Password пайдаланушыларға сервис атынан келетін күмәнді хаттардан сақ болуды ескертті. Ұрланған байланыс деректері фишингтік шабуылдар жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. Дегенмен компания әзірге аккаунт баптауларын өзгертуді немесе құпиясөздерді ауыстыруды талап етпейді.
Тағы да оқыңыз: Хакерлер Visa мен Mastercard клиенттерінің жеке деректерін жайып салды
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026