Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сот NCOC мүлкіне қатысты мәмілелерге қойылған шектеуді алып тастады

kz.kursiv.media

Сот NCOC мүлкіне қатысты мәмілелерге қойылған шектеуді алып тастады

Атырау облыстық соты «Қашаған» кен орнының операторы – NCOC компаниясының апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандырып, компанияның мүлкіне қатысты мәмілелерге қойылған тыйымды заңсыз деп таныды. Бұл туралы мұнай сарапшысы Олег Червинский өз телеграм-арнасында жазады.

Сонымен бірге сот жылжымайтын мүлік пен көлікке салынған тыйым мен басқа да шектеулерді күшінде қалдырды. Бұл шешім 2,3 трлн экологиялық айыппұлды өндіру аясында шыққан.

Сот орындаушысы 2026 жылғы 30 шілдеде активтерді азайтуға әкелетін мәмілелерге тыйым салған. Оның ішінде мүлікті сату, сыйға тарту, беру, есептен шығару және талап ету құқығын беру шектелді.

Алайда облыстық сот бұл қаулыда тыйымның нақты құқықтық негізі жазылмағанын анықтады. Құжатта мұндай шараның неге қажет екені түсіндірілмеген және шектеудің кімге қолданылатыны нақты көрсетілмеген.

Сонымен қатар қаулы мәлімет пен орындау үшін мемлекет мүддесін білдіретін PSA ұйымына жолданған. Сот орындаушысы PSA-ның іс жүргізудегі мәртебесін және шектеуді орындауға өкілеттігі бар-жоғын негіздемеді. Сондықтан сот тыйымды заңсыз деп тауып, күшін жойды.

Дегенмен сот алқасы сот орындаушысы заң талаптарын сақтай отырып, мәжбүрлеп орындату шараларын қайта қолдануға құқылы екенін атап өткен.

Бұл ірі даудың тарихы 2023 жылы басталған. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қашағанда белгіленген мөлшерден тым көп күкірт сақталғанын анықтап, операторға 2,3 трлн теңге айыппұл салды.

Қазақстан үкіметі 2026 жылғы 21 шілдеде өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізуді ресми түрде қозғап, консорциум басшысына әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту жасады.

Кейіннен NCOC сот орындаушысының әрекеттеріне қарсы сотқа арыз түсірді. Осыған байланысты Әділет министрлігі 7 қыркүйекте өндіріп алу процесін уақытша тоқтата тұрған.

Кейін Атырау сотының шешімінен кейін іс қайта жанданып, Әділет министрлігі қаражатты өндіріп алу жұмыстарын жалғастырады.

Каспий қайраңындағы ең ірі мұнай кен орындарының бірін игеріп отырған Shell, Eni, TotalEnergies және ExxonMobil сияқты халықаралық компаниялар бұл айыппен келіспейді.

Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны 2016 жылы іске қосылды. Жобаны North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы игереді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар