Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Abu Dhabi Plaza-дағы мейрамханада өрт шықты

kz.kursiv.media

Астанада Abu Dhabi Plaza-дағы мейрамханада өрт шықты

Астанадағы Abu Dhabi Plaza сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында орналасқан жылдам тамақтану мейрамханасының ас үйінде өрт шықты. Қазір өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға бүгін Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде болған. Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері шақырту түскеннен кейін жеті минут ішінде оқиға орнына жеткен.

Мейрамхана әкімшілігі келушілерді ғимараттан эвакуациялаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ас үйдегі фритюрница майы тұтанып, автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

26 қарашада Алматының Бостандық ауданында жеке тұрғын үйде де өрт болып, бес адам, оның ішінде кәмелетке толмаған бір бала қаза тапты. Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Бес адамның өмірін жалмаған өрт: Алматыдағы оқиға орнынан фоторепортаж

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар