Алматыда такси жүргізушісі оқушы қызға тиісті деген күдікке ілінді
Алматыда 15 жастағы мектеп оқушысының анасы полицияға жүгініп, такси жүргізушісінің әрекетіне арызданды. Қыздың айтуынша, жол бойы жүргізуші оған тиіскен. Ал сапар соңында қызды көліктен шығармай, сүймек болған.
Полиция әйелдің арызын қарады, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, арыз Алмалы аудандық полиция басқармасына түскен. Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
«Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу дереу басталды», – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Астанада 42 жастағы жүргізуші жолаушы қызға әдепсіз ұсыныстар жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 қараша 2026