Түркістан облысында Мәслихат депутаттарының сайлауы өтті
Бүгін елімізде мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Саяси науқан аясында Түркістан облысындағы 952 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады. Қазіргі таңда өңірде 1 210 974 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 56 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, дауыс беруді ұйымдастыру үшін 26 жабық сайлау учаскесі қарастырылған.
Сайлау барысында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың дауыс беру құқығын қамтамасыз етуге де баса назар аударылған. Облыста осы санаттағы 15 104 сайлаушы тіркелген. Оларға 65 инватакси, 105 әлеуметтік такси, 209 сурдоаудармашы және жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 770 азаматқа жеке көмекші қызмет көрсетеді. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үшін үйінде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, сайлаушыларға қажетті ақпарат алу және өз учаскесін анықтау үшін облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Азаматтардың сайлаушылар тізіміндегі деректерін тексеруіне арналған 557 онлайн сервис, 22 шағын ХҚКО, 18 жергілікті Call-орталық және «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, әр сайлау учаскесіне комиссияның екі мүшесі бекітілген. Олар азаматтардың тіркелуіне қатысты мәліметтерді «Электрондық үкімет» (eGov) порталы арқылы сол жерде тексеруге мүмкіндік береді. Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге жұмыс істейді.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қараша, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қараша 2026