Маңғыстауда минералды тыңайтқыш шығаратын өндірістік кешен салынады
Қазақстанда минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі өндіріс орны бой көтермек. Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу мәселесін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қытайлық «China Wuhuan Engineering» компаниясы мен отандық «ҚазАзот» АҚ басшылығымен талқылады. Жобаның жалпы құны шамамен 1,6 млрд долларға бағаланып отыр.
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында отандық тыңайтқыш өндірісін дамытудың маңызын атап өтіп, осы жобаға қолдау көрсетуді тапсырған болатын.
Жаңа кешен іске қосылғанда жылына мынадай көлемде өнім шығара алады:
Үкімет бұл жоба отандық шаруаларды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету деңгейін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтады деп есептейді. Сонымен қатар химия өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Нұрлыбек Нәлібаев «Саутс-Ойл» ЖШС және «ADIB Holdings» қаржы тобының басшылығымен де кездесті. Тараптар «Қарағансай» учаскесінде тақтатас мұнайы қорларын игеру мәселесін талқылады.
Жоба аясында қазіргі таңда заманауи технологиялар (қабатты көпсатылы гидравликалық жару) қолданылып, екі көлденең ұңғыма бұрғыланған. Жалпы 10 ұңғыма бұрғылау жоспарланып отыр. Келіссөз кезінде қосымша қаржы тарту, өндіру технологияларын жетілдіру және ел аумағында ілеспе өндірістерді жолға қою жайы талқыланды.
Үкімет аммиак-карбамид кешенін салу туралы инвестициялық келісімді 10 маусымда мақұлдаған.
Сол кезде жобаны «KazAzot PRIME» ЖШС жүзеге асырып жатқаны жазылған. Аdata.kz дерегі бойынша 2022 жылы құрылған компания «Kazakhstan Petrochemicals» ЖШС серіктестігіне тиесілі. Ал бұл компанияның 7 иесі бар. Олар: Бахаридин Аблазимов, Рүстем Аязбаев, Айжан Балабатырова, Аркадий Кудабаев, Арман Мәулешев, Ермек Мырзаш, Тахмина Нагуманова.
Бахаридин Аблазимов – қазақстанда ең бай кәсіпкерлердің бірі, «ҚазАзот» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстандағы бірден-бір азотты тыңайтқыш өндіретін кәсіпорын «Kazakhstan Petrochemicals» ЖШС арқылы Аблазимовқа тиесілі.
Forbes Kazakhstan басылымының мәліметінше, кәсіпкер 327 мың доллар байлығымен елдегі ең дәулетті 75 бизнесмен рейтингінде 35-орында тұр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 26
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026