Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қайрат» Конференция лигасында алғашқы жеңісіне жетті

kz.kursiv.media

«Қайрат» Конференция лигасында алғашқы жеңісіне жетті

Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің төртінші турында швециялық «Мьельбю» клубын 1:0 есебімен жеңді.

26 қарашада Алматыда өткен кездесуде алаң иелері матчтың 14-минутында есеп ашты. Марк Гуальдың нәтижелі пасынан кейін Еркін Тапалов қарсылас қақпасына гол соқты. Кездесудің бірінші таймы алматылық клубтың басымдығымен аяқталды. Екінші таймда екі команда да гол соға алмады.

Осылайша Еркін Тапаловтың голы «Қайратқа» Конференция лигасының биылғы жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісін әкелді. Алматылық клуб бұған дейін үш кездесуде екі ұпай жинаған еді. Төртінші турдағы жеңістен кейін команданың еншісіндегі ұпай саны беске жетті.

Айта кетейік, өткен турда «Қайрат» сырт алаңда италиялық «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Алда алматылық клуб Конференция лигасының жалпы кезеңінде тағы екі кездесу өткізеді. Қазақстан чемпионы румыниялық «Университатя» және Нидерландияның «Твенте» командаларымен ойнайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар