Астанада 80 мың литрден астам алкоголь лицензиясыз сатылған
Астанада алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату деректері көбейген. Биылғы он айда осындай 249 құқық бұзу тіркеліп, 80,3 мың литрден астам алкоголь өнімі анықталды.
2025 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша 208 материал тіркеліп, 63,8 мың литрден астам алкоголь анықталған. Биылғы көрсеткіш өткен жылдың толық нәтижесінен 19,7%-ға жоғары.
Астана прокуратурасының сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету жөніндегі тобының прокуроры Шерхан Шорабек атағандай, лицензиясыз сауда жасаған жеке тұлғаларға 15 АЕК, ал кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
«Егер құқық бұзу бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері тиісінше 30 және 500 АЕК-ке дейін өседі. Заңда көзделген жағдайларда өнім тәркіленуі мүмкін. Қала прокуратурасының ұсынысынан кейін мемлекеттік кірістер департаменті мен полиция департаменті алкогольді заңсыз сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмдерін әзірледі», – деді ол.
Сонымен қатар прокуратура жүргізген талдау лицензиялау, алкоголь өнімдерінің айналымын бақылау және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру салаларында бірқатар мәселені анықтаған. Оларды жою және бақылау тетіктерін жетілдіру үшін тиісті прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Тағы да оқыңыз: Ақмола облысында алкогольді заңсыз сатудың 300-ден астам дерегі анықталды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 26
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026