GTA 6 сатылымның алғашқы төрт күнінде 4 млрд доллардан астам табыс тапты
Grand Theft Auto ойынының алтыншы бөлімінің шығуы әлемдік ойын индустриясында ең ауқымды оқиғалардың біріне айналды. Алғашқы төрт күнде GTA 6 сатылымынан түскен табыс 4 млрд доллардан асты.
Қаржылық нәтиже жобаны жасауға жұмсалған болжамды шығындардан әлдеқайда асып түсті.
Америкалық Rockstar Games компаниясының мәліметінше, GTA VI сатылымынан бірінші күні түскен түсім 3,79 млрд доллар болған.
Alinea Analytics талдау компаниясының бағалауынша, кейінгі үш күнде бұл сома 4 млрд доллардан асқан. Салыстырмалы түрде, GTA V 2013 жылы шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде 1 млрд доллар табыс тапқан еді.
Сарапшылардың бағалауынша, алтыншы бөлімді әзірлеуге 1,5–2 млрд доллар жұмсалған.Ресми релизге дейін ойыншылар шамамен 32,5 млн алдын ала тапсырыс рәсімдеген.
Қызығушылықтың ауқымы тек сатылыммен шектелген жоқ. Streams Charts талдау компаниясының дерегіне сәйкес, алғашқы тәулікте GTA VI трансляцияларының ең жоғары аудиториясы 7,9 млн көрерменнен асты. Осы уақыт ішінде қолданушылар жалпы көлемі 125,5 млн сағат болатын ойын контентін көрген.
Жоба кәсіби сыншылардан да жоғары баға алды. Metacritic және OpenCritic агрегаторларында ойын 100 балдың 99-ын жинады. Мұндай нәтиже оны тарихтағы ең жоғары бағаланған видеоойындардың қатарына қосады.
Оқи отырыңыз: GTA 6 бір күнде 3,79 млрд доллар табыс тауып, рекорд орнатты
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 26
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026