Непалда су тасқынында жоғалған 4 мыңға жуық адам қаза тапты деп жарияланбақ
Непал билігі тамыз айының соңында болған су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткен 4 мыңға жуық адамды, оның ішінде 623 шетелдік азаматты қаза тапты деп жариялауға дайындалып жатыр.
Agence France-Presse (AFP) хабарлағандай, бұл жайлы жергілікті табиғи апаттардың салдарын жою басқармасының өкілі Рам Бахадур айтқан.
Қазір билік хабар-ошарсыз кеткен адамдардың тізімін нақтылап, ресми мәлімдеме жариялауға дайындалып жатыр. Кейін тізімге қосымша есімдер енгізілуі мүмкін.
Непалда қабылданған жаңа заң табиғи апаттан кейін жоғалған адамды қайтыс болды деп жариялау мерзімін 12 жылдан алты аптаға дейін қысқартқан.
Бұған дейін қазанда Reuters агенттігі Непал билігі су тасқынынан қаза тапқандар мен жоғалғандарды іздеу жұмыстарын тоқтатқанын хабарлаған.
Еске салсақ, Непалдағы табиғи апаттан 1,4 мыңнан астам адам қаза тапқан еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 26
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026