Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды

kz.kursiv.media

Алматыдағы ЖЭО-да алғашқы газ турбинасы іске қосылды

Алматыдағы 2-ЖЭО-ны жаңғырту аясында бу-газ қондырғысының алғашқы турбинасы іске қосылды. Қалған екі газ турбинасын желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

25 қарашада Siemens Energy компаниясы шығарған газ турбинасы сәтті тұтатылды. Ал 30 қарашада станция электр энергиясын желіге бере бастауы тиіс. Жаңғырту аяқталғаннан кейін 2-ЖЭО электр желісіне 557 МВт электр қуатын, ал жылу жүйесіне 957 Гкал жылу энергиясын бере алады.

Жобаның негізгі мақсатының бірі – Алматының экологиялық жағдайын жақсарту. Станция газға толық көшкеннен кейін зиянды заттардың ауаға таралуы жылына 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін азаяды деп деген болжам бар. Бұл шығарындыларды 90%-дан астам қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар күкірт диоксиді мен көмір күлінің шығарындылары толық жойылуы керек.

Алматыдағы ЖЭО-2-ні көмірден газға көшіру ұзақ уақыттан бері жоспарланған жоба. Биыл тамызда «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры Ғалымбек Әутәліпов ЖЭО-ны жыл соңына қарай толықтай газға көшіреміз деп уәде берген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар