BilimClass платформасында ақау: компания ресми мәлімдеме жасады
27 қарашада BilimClass платформасында техникалық ақау болды. Сервис қолданушылары желіде платформаға кіре алмай жатқанын жазып жатыр.
Кейбір пайдаланушылардың жазуынша, сервистегі оқушылардың үй тапсырмалары, ал өзгелерінде баға өшіп қалған. Тағы бір қолданушыларды платформадан шығарып тастаған.
Компания ресми түрде мәлімдеме жасап, техникалық ақау болғанын мойындады.
«Бүгін платформада техникалық инцидент орын алып, соның салдарынан кейбір пайдаланушыларға қате хабарламалар келген болуы мүмкін. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қазіргі уақытта мамандарымыз жағдайды шешу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жағдай жіті бақылауымызда», – деп жазылған платформа хабарламасында.
BilimClass платформасы Bilim Group компаниясына қарайды. Биыл тамызда Freedom холдингі Bilim Group компаниясының үлесін сатып алған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026