Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы жеңісі үшін 400 мың еуро табыс тапты

kz.kursiv.media

«Қайрат» Конференция лигасындағы алғашқы жеңісі үшін 400 мың еуро табыс тапты

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Конференция лигасының жалпы кезеңінде швециялық «Мьельбюді» 1:0 есебімен жеңіп, 400 мың еуро көлеміндегі сыйақыға ие болды.

УЕФА бекіткен қаржылық регламентке сәйкес, 2026/27 жылғы маусымда Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі әр жеңіс үшін клубтарға 400 мың еуро (240 млн теңге), ал тең ойын үшін 133 мың еуро (79,8 млн теңге) төленеді.

Алматылық клуб бұған дейін латвиялық «Рига» және италиялық «Аталантамен» тең ойнап, 266 мың еуро көлемінде сыйақы иеленген еді. Осылайша төрт турдың қорытындысы бойынша «Қайрат» матч нәтижелері үшін 666 мың еуро (399,6 млн теңге) табыс тапты.

Бұдан бөлек, Конференция лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған әр клубқа 3,17 млн еуро көлемінде базалық төлем қарастырылған. Осы төлемді қоса есептегенде, алматылық клубтың Конференция лигасындағы сыйақысы кемінде 3,836 млн (2,3 млрд теңге) еуроға жетті. Бұл сомаға коммерциялық төлемдер мен турнир кестесіндегі қорытынды орын үшін берілетін сыйақы кірмейді.

Сыйақылар (2026/27 маусым)

«Қайраттың» алда румыниялық «Университатя Крайова» және нидерландтық «Твентемен» кездесулері бар. Алматылықтар екі матчта да жеңіске жетсе, қосымша 800 мың еуро табыс табады.

Еске сала кетейік, «Мьельбюге» қарсы кездесудегі жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты. Бұл «Қайраттың» Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар