Cathay Pacific компаниясы 2027 жылы Қазақстаннан Гонконгқа тікелей рейс ашады
Гонконгтің белгілі Cathay Pacific әуе компаниясы Қазақстан мен Гонконг арасын тікелей байланыстыратын алғашқы әуе ресін ашпақ. Бұл бағытта ұшақтар 2027 жылдың 9 қаңтарын бастап ұша бастайды. Гонконгтан Алматыға туристік миссия келіп, екі аймақ арасындағы туризм мен іскерлік байланысты нығайтуды талқылады.
Қазіргі кезде Қазаұстан мен Гонконг арасында тікелей рейс жоқ. Енді келер жылдан Airbus A330-300 ұшақтары Алматыдан аптасына үш рет ұшатын болады. Ал ұшу уақыты шамамен алты сағатты құрайды. Cathay Pacific компаниясы өкілінің айтуынша, жолаушылардың Гонконгқа саяхаты ұшақ бортына отырған сәттен басталады.
«Өйткені Cathay Pacific үшін Гонконг жай ғана кезекті бағыт емес. Гонконг – біздің үйіміз. 80 жыл бойы Cathay мен Гонконг бірге өсіп, дамыды. Сондықтан сіз бізбен ұшқанда, сізді жай ғана басқа қалаға апарып қоймаймыз, өз үйімізде қарсы аламыз. Сол себепті сапарыңызды ерекше еткіміз келеді. Әлемдегі үздік үш әуе компаниясының қатарына кіргенімізді мақтан тұтамыз», – дейді ол.
Әуе компаниясының әлемдегі үздік үш тасымалдаушының қатарына кіруі аталып өтті. Алайда басты назар жолаушының ұшу кезіндегі сезіміне, жайлылығы мен сапасына, бортсеріктердің мұқият қызметіне және сапарды жақсартуға бағытталған.
«Саяхатшылар жақын арада екі бағыт арасында тікелей ұшу ыңғайлылығын сезіне алады. Байланыстың бұлай кеңеюі қалаларымызды бұрын-соңды болмағандай жақындатып, алдағы жылдары турист алмасу, достық пен мәдениетті дамыту және іскерлік мүмкіндіктердің артуына жаңа әрі қызықты мүмкіндіктер ашады. Қазақстан паспорты иелеріне Гонконгқа 14 күн визасыз кіру мүмкіндігімен бірге, саяхатшылар екі қала арасындағы анағұрлым ыңғайлы әрі кедергісіз сапарды күте алады», – деді Гонконг туризм басқармасының атқарушы директоры Антони Лау.
Қазіргі кезде қазақстандықтар Гонконгта 14 күн визасыз жүре алады. Гонконг әуежайы арқылы жолаушылар басқа бағыттарға баруына болады. Олардың қатарында:
«Шығыс інжу-маржаны» аталатын Гонконг Қазақстаннан келетін саяхатшыларға ұнайтын алуан түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Небәрі 20 минут ішінде қонақтар біздің әйгілі көкжиегімізден әсем жағажайлар мен көркем тауларға бара алады. Гонконг – жылы ауа райында демалуға таптырмас орын. Біздің қала сонымен қатар Азияның аспаз астаналарының бірі: мұнда «Мишлен жұлдызды» мейрамханалардан бастап, жергілікті дәстүрлі дәмдер мен халал сертификаты бар мейрамханалардың сан алуына түрі бар», – деп атап өтті ол.
Cathay Pacific әуе компаниясы бүкіл әлем бойынша 100-ден астам бағытқа рейс орындайды. Оның әуе кемелері паркі 170-тен аса ұшақтан тұрады. Флот құрамы үнемі жаңартылып отырады
Бұған дейін Cathay Pacific компаниясы Қазақстанға транзит жүк жеткізетіні хабарланған.
Әлемдегі ең ірі жүк тасымалдаушылардың бірі енді елорда әуежайы арқылы Boeing 747 Freighter ұшақтарымен аптасына 5 рет транзиттік рейс орындайды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026