Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде нәрестені өлтірген күдікті өмір бойына сотталды, үкім күшіне енді

kz.kursiv.media

Семейде нәрестені өлтірген күдікті өмір бойына сотталды, үкім күшіне енді

Семейде жаңа туған нәрестені қоқысқа тастап кеткен ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күшіне енді. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаңа туған нәрестені өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралған.

Семей қаласындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған. Сотта анықталғандай, бала дүниеге келгеннен кейін ер адам нәрестені алып кетіп, қоқыс контейнеріне қалдырған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, нәресте тірі туған, бірақ денесінің шамадан тыс салқындауына байланысты шетінеп кеткен.

Сот талқылауының нәтижесінде ер адам Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Баланың анасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша кінәлі деп танылды. Аталған баптың санкциясында ең жоғары жаза ретінде төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Қылмыстық кодексінің 55-бабының ережелерін ескере отырып, сот оған екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Алайда оның жасаған қылмысы ауырлығы орташа қылмыстар санатына жататындықтан әрі рақымшылық жасау актісінің қолданылу аясына кіретіндіктен, ол тағайындалған жазаны өтеуден босатылған. Сотталғандардың екеуі де бұрынғы полицей екені хабарланды.

Қайғылы оқиға 6 ақпанда болға еді. Семей қаласында қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған қыз баланың мәйіті табылған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша тергеу басталған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар