Жетісу облысында кәсіпкерлер заңсыз тексерілген
Жетісу облысында прокуратура кәсіпкерлерге қатысты заңсыз тексерулердің жүргізілгенін анықтады.
Бұл кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына жүргізген талдау барысында мәлім болды. Білім беру ұйымдарында ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңсыз тексеру шараларының жүргізілген.
«Ведомствоаралық сараптамалық топтар облыстағы 34 мектепте шарттардың, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болуын, ас блоктарының, өндірістік үй-жайлардың, жабдықтар мен тоңазытқыш камералардың жай-күйін тексерген. Аталған тексеру іс-шаралары кәсіпкерлік субъектілерде тексеру жүргізу тәртібін бұза отырып жүргізілген», – делінген ақпаратта.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде заң бұзушылықтарға жол берген білім бөлімдерінің 7 әкімшілік жауаптылыққа, ал 8 аудандық білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылған.
Айта кететін жайт, Атырауда ҰҚК, полиция және прокуратураның жалған куәліктері сатылған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026