Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

29 қарашада еліміздің 10 қаласында автобустар тегін жүреді

kz.kursiv.media

29 қарашада еліміздің 10 қаласында автобустар тегін жүреді

29 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға байланысты қоғамдық көлік тегін жүреді. Жергілікті билік мұндай шешімді тұрғындардың сайлау учаскелеріне баруын жеңілдету үшін қабылдаған.

Тегін жол жүру Семей, Атырау, Риддер, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Павлодар және Талдықорған қалаларында ұйымдастырылады.

Павлодарда жолаушылар автобустар мен трамвайларда тегін жүре алады. Ал Талдықорғанда қоғамдық көлік 6:00-ден 22:00-ге дейін тегін болады. Сонымен қатар саяжай тұрғындары мен шалғайдағы шағын аудандарда тұратын азаматтар үшін сайлау учаскелеріне қатынайтын арнайы маршруттар іске қосылады.

29 қарашада мәслихат депутаттары сайлауы өтеді. Депутаттар бес жылға сайланады. Сайлау науқаны кезінде 227 мәслихатқа 3 447 депутатты сайлау жоспарланған.

Дауыс беру күні ел бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне 12 млн 679 мың 459 адам енгізілген.

Оқи отырыңыз: Бас прокуратура мәслихат сайлауы алдында үндеу жасады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар