Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында сағатына 30 тонна жем ұнын өндіретін цех ашылды

kz.kursiv.media

Ақмола облысында сағатына 30 тонна жем ұнын өндіретін цех ашылды

Ақмола облысының Ақкөл ауданында астық өндіретін зауыт ашылды. Жергілікті «МКМ Евразия» серіктестігі жаңа цехты іске қосып, алдағы уақытта сағатына 30 тоннаға дейін жем ұнын өндіруді және оны Қытайға экспорттауды жоспарлап отыр.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – астықты сақтау және қоймалау, сондай-ақ жем ұнын өндіру. Астық тазалау жабдықтарын жаңғыртып, жаңарту нәтижесінде элеватордың астықты бір мезгілде сақтау қуаты 30 мың тоннаға жетті.

Қазіргі уақытта кәсіпорында жаңа өндірістік цехтың технологиялық жабдықтарын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өнім әзірге сынақ режимінде сағатына 2 тонна көлемінде шығарылуда. Іске қосу-баптау жұмыстары аяқталып, жабдық жобалық қуатына шыққаннан кейін өндіріс көлемін сағатына 30 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жаңа цех жылына 96 мың тоннаға дейін шикізатты өңдеуге мүмкіндік беріп, қосылған құны жоғары әрі сұранысқа ие өнім шығаруды қамтамасыз етеді. Дайын өнімді өткізудің негізгі нарығы Қытай Халық Республикасы болады.

Жобаның жүзеге асырылуы Ақкөл ауданының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңір өнімдерінің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар