Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

BilimClass платформасына кіру уақытша шектелді

kz.kursiv.media

BilimClass платформасына кіру уақытша шектелді

BilimClass платформасына кіру 28 қараша сағат түнгі 00:00-ге дейін шектелді. Киберқауіпсіздікті күшейту және қосымша техникалық жұмыстарды жүргізу мақсатында осындай шешім қабылданды деп хабарлады компаниядан.

Платформа қолданушылардың жеке деректері таралмағанын атап өтеді.

«27 қарашада BilimClass білім беру платформасында техникалық ақау орын алды. Платформа мамандары оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің деректерін қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдады. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде пайдаланушылардың деректері толық көлемде сақталғаны және сыртқа тарау фактісі анықталмағаны расталды», – деп жазылған хабарламада.

Кейбір қолданушыларға қате көрсетілген ақпарат та толық қалпына келтірген, платформаға кіру үшін қосымша әрекет жасау керегі жоқ.

Еске салайық, бүгін BilimClass платформасында техникалық ақау болып, мұғалімдер платформаға кіре алмай жатқанын жазды. Ал кейбір оқушылардың бағасы мен үй тапсырмасы өшіріліп кеткен.

BilimClass платформасы Bilim Group компаниясына қарайды. Биыл тамызда Freedom холдингі Bilim Group компаниясының үлесін сатып алған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар