Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан 167 млн доллардың шоколады мен тәттісін экспорттады

kz.kursiv.media

Қазақстан 167 млн доллардың шоколады мен тәттісін экспорттады

Қазақстан 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында шетелге 167 млн АҚШ долларының шоколад, какаолы өнімдері мен қантты тәттілерін сатты. Оның төрттен үші шоколад пен құрамында какао бар өнімдерге тиесілі. Екі санатта да ең ірі сатып алушы – Ресей. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының дерегінде көрсетілген.

Қаңтар–қыркүйекте Қазақстан 21,1 мың тонна шоколад пен какаолы өнімді 125,43 млн долларға экспорттады. Ең көп өнім Ресейге жөнелтілді. Бұл елге 45,14 млн доллардың өнімі сатылды. Шоколад пен какаолы өнімдер экспортының 36%-ы осы нарыққа тиесілі.

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек

Елдер экспорт құны бойынша реттелді. Жолақ пен пайыз елдің таңдалған санаттағы үлесін көрсетеді. Бастапқы кестедегі «Латвия» және «Латвия Республикасы» жолдары бірге есептелді.

Өзбекстан 36,17 млн доллармен екінші, Қырғызстан 11,30 млн доллармен үшінші орында. Осы үш елдің үлесіне санаттағы экспорт құнының 74%-ы келді.

Какаосыз қантты кондитерлік өнімдер экспорты 41,57 млн долларға жетті. Қазақстан тоғыз айда шетелге осындай 20,1 мың тонна өнім жөнелткен.

Ресей 21,78 млн доллардың тәттісін сатып алды. Бұл санаттағы экспорттың 52,4%-ына тең. Одан кейін Қырғызстан (7,78 млн доллар) мен Беларусь (4,28 млн доллар) тұр.

Қантты тәттілердің ішінде какаосыз кәмпит карамелі мен ирис экспорты 25,24 млн долларды құрады. Бұл – санаттағы экспорт құнының 61%-ы. Ресейге 15,72 млн доллардың, Беларуське 4,26 млн доллардың, Өзбекстанға 2,33 млн доллардың карамелі мен ирисі жөнелтілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар