Ресей мен Эстония шекарасы 6 айға жабылды: министрлік жүргізушілерге ескерту жасады
2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Ресей мен Эстония шекарасындағы өткізу пункттері арқылы автомобиль қатынасы уақытша тоқтатылады. Шектеу бастапқыда алты айға енгізіледі. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Министрлік бұл өзгеріс Еуропа бағытында халықаралық жүк тасымалымен айналысатын қазақстандық компанияларға да әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Сондықтан тасымалдаушылар шекарадан өтуге қатысты жаңа талаптарды алдын ала назарға алып, балама бағыттарды қарастыруы қажет.
Әсіресе қазір жолда келе жатқан немесе 1 желтоқсанға дейін Ресей мен Эстония шекарасындағы өткізу пункттеріне жетуді жоспарлаған жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала пысықтау ұсынылады.
Көлік министрлігі кешігулер мен қосымша шығындардың алдын алу үшін тасымалдаушыларға шекарадан өтудің балама жолдарын қарастырып, логистиканы соған сәйкес жоспарлауға кеңес берді.
Шектеулердің бастапқы мерзімі – алты ай. Осы кезеңде Еуропаға жүк жеткізетін қазақстандық тасымалдаушылар Ресей мен Эстония шекарасындағы өткізу пункттерін пайдалана алмайды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026