Шымкенттегі сайлауда дауыс беруді Шымкентбаев бастады
Бүгін елімізде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Шымкенттегі сайлау учаскелері де таңғы сағат 7-ден бастап есігін айқара ашты. Маңызды саяси науқанға қала тұрғындары алғашқы минуттардан-ақ белсене қатысуда.
Шымкентте мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы таңғы сағат жетіде басталды. Алғашқылардың бірі болып учаскеге келген қала тұрғыны Нұржан Шымкентбаев еліміздің болашағы үшін таңдау жасағанын жеткізді.
НҰРЖАН ШЫМКЕНТБАЕВ,ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: “Мен алғашқы болып сайлауға қатысып отырмын. Өзімнің боршымды, мемлекетіме бейжай қарамай, сайлаған партияларымыз жақсы қызмет атқарсын, біздің халқымызға дұрыс таңдау болып жасадым өзімнің ойымша. Әр уақытта мемлекетіміз жақсара берсін, тыныштық болсын мемлекетімізде, аманшылық болсын. Барлықтарыңызға сол жақсы тілеймін, бұған дейін сайлауға әр уақытта қатысып тұрамыз. Бүгінгі сайлауға бірінші болып келдім”.
Таңмен таласа дауыс беруге асыққандардың қатарында ұлттық киім киген аналар да бар. Бір ұжымда еңбек ететін олар мұндай маңызды саяси науқаннан ешқашан қалмайтындарын айтады.
ТӘЛИҒА ӘБІЛӘЗҚЫЗЫ,ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: “аналар басымыз қосылып, дауыс берейін деп келдік. Өзімізді болашақта елге, халыққа қызмет ететін азаматтарға дауыс бердік. Әркім өз қалауын, өз таңдауын жасады. Мен де өз қалауымды, өз таңдауымды жасап, бүгінгі күні дауыс бердік,еш сайлаудан қалған емеспіз. Әр уақытта сайлауға өзіміз ұйымдасқан түрде, кейде осылай әжелер қауымымен, кейде аналар болып, иә, ұл-қыздарымның бәріне айтып отырамын, отбасымызбен. Әрқайсысының өздерінің баратын бөлімдері, учаскелері бар, сол жерге барып бәрі дауыс беріп отырады. Еш уақытта біз сайлаудан қалған емеспіз”.
Мамандар сөзінше, учаскеде дауыс беру үдерісіне барлық жағдай жасалған. Тіркелген тұрғындардың саны нақтыланып, саяси науқанның ашықтығын қадағалайтын байқаушылар да жұмысқа кірісті.
АЙГҮЛ ӨТЕБАЕВА. №360 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:“Біздің учаскеде 1903 адам тіркелген. Кезектен тыс мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Сағат 7:00-де әнұранмен бастадық. Бақылаушы қазіргі таңда екі адам келді, екі партиядан. Біздің учаскеде, мысалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасалған, ұяшықты/арнайы кабиналар жасалған. Және де сайлаушыларды қабылдауға дайынбыз”.
Айта кетейік, шаһарда барлығы 365 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тіркелген 724 022 сайлаушының 5 425-і биыл алғаш рет дауыс беру құқығына ие жастар. Саяси науқан кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Әсел Мәлік
- Соңғы
-
- Қараша, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қараша 2026