100-ден астам жол апаты тіркелді: Астана полициясы дабыл қақты
Астанада қысқы ауа райына байланысты жолдардағы қозғалыс күрделене түсті. Соның салдарынан соңғы тәулікте елордада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қалалық полиция департаменті тұрғындарға жолда сақ болуды ескертті.
Полиция жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтап, көліктер арасында қауіпсіз қашықтық ұстауды ұсынды.
Сондай-ақ қиылыстарға, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық көлік аялдамаларына жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендетіп, күрт маневр жасамауға шақырды.
Жаяу жүргіншілер де жолдан өтер кезде барлық көліктің толық тоқтағанына көз жеткізуі керек.
Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты Астана тұрғындарына мүмкіндігінше үйден шықпау, ағаштардан, жарнамалық тақталардан, электр желілері мен желден құлауы мүмкін басқа да тұрақсыз нысандардан аулақ жүру ұсынылған еді.
Оқи отырыңыз: Боран соғып, көктайғақ болады: 28 қарашаға ауа райы болжамы
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
28 қараша 2026