Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«ҚТЖ-Жүк тасымалының» бұрынғы бас директоры мен екі қызметкері қамауға алынды

kz.kursiv.media

«ҚТЖ-Жүк тасымалының» бұрынғы бас директоры мен екі қызметкері қамауға алынды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясындағы бұрынғы басшылық өкілдері тергеуге алынды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті компанияның экс-бас директоры Владимир Петровты, оның орынбасары Қайрат Қабыловты және сатып алуға жауапты Азамат Сембайды коррупциялық қылмысқа күдікті деп таныған. Үшеуі де екі айға қамауға алынған.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Kursiv.Media-ның ресми сауалына берген жауабында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер 9-10 қарашада ұсталған. Ал 11 және 12 қарашада сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған.

«Олар коррупциялық қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҰҚК.

Бұған дейін де қараша айында ҰҚК «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің жемқорлық күдігімен ұсталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайды мемлекеттік компаниялардағы ірі жемқорлықты көрсететін «аса елеулі белгі» деп бағалаған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар