Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аралды құтқару жобаларына 170 млн долларға жуық грант тартылды

kz.kursiv.media

Аралды құтқару жобаларына 170 млн долларға жуық грант тартылды

Қазақстан 2024-2026 жылдары Халықаралық Аралды құтқару қорына (ХАҚҚ) төрағалық еткен кезеңде су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған өңірлік жобаларға 165,2 миллион доллар және 2 миллион еуро грант тартты. Сонымен қатар Сырдария өзені бассейнінде су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Бұл мәселелер Шымкентте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен ХАҚҚ басқармасының отырысында талқыланды.

Қазақстанның Қорға төрағалық ету кезеңінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылатын CAWEC өңірлік ынтымақтастық жобасына 20 миллион доллар, REMIT бағдарламасы аясында 145,2 миллион доллар және Француз даму агенттігінің жобалары бойынша 2 миллион еуро көлемінде грант тартылған. Бұдан бөлек, халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен 13 меморандум мен келісім жасалды.

Отырыс барысында Сырдария өзені бассейнінде су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл үшін бассейн елдерінің өкілдерінен жұмыс тобы құрылып, ұлттық үйлестірушілер айқындалуы керек. Олар жоспардың жобасын әзірлеп, келіседі. Кейін құжат Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының бекітуіне және ХАҚҚ басқармасының мақұлдауына ұсынылады.

Қордың Атқарушы комитеті жобаны жүзеге асыру үшін халықаралық әріптестерден техникалық және қаржылық қолдау тарту мәселесін пысықтайды.

Жиында Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының (АТББ-4) орындалуы, сондай-ақ Қордың ұйымдық құрылымы мен құқықтық негізін жетілдіру мәселелері де қаралды.

Қазақстанның ХАҚҚ-ға төрағалығы 2024-2026 жылдарды қамтиды. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап төрағалық Өзбекстанға өтеді.

Осы кезеңдегі маңызды шешімдердің бірі – 26 наурызды Халықаралық Арал теңізі, Әмудария және Сырдария өзендері күні деп жариялау. Бұл шешім 2026 жылғы 22 сәуірде Астанада өткен Қорды құрушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қабылданды.

Сондай-ақ Қазақстан су ресурстарын пайдалану жөніндегі Орталық Азияның негіздемелік конвенциясын әзірлеуге қатысып жатыр. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрылымында Халықаралық су ұйымын құру бастамасы да ілгерілеп келеді. Бұл ұсынысты 2026 жылғы 8-10 желтоқсанда Абу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның Су ресурстары жөніндегі конференциясында талқылау жоспарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар