Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

29 қарашада Алматыда автобус, троллейбус пен метро тегін болады

kz.kursiv.media

29 қарашада Алматыда автобус, троллейбус пен метро тегін болады

29 қарашада Алматы тұрғындары мен қала қонақтары қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Осы күні мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.

Алматы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлағандай, қаладағы барлық автобус пен троллейбус бағытында, сондай-ақ метрода жол жүру күні бойы тегін болады.

Бұл шара сайлау күні тұрғындардың қатынауын жеңілдету үшін ұйымдастырылып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарын қоғамдық көліктің жұмыс кестесін ескере отырып, алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Сондай-ақ еліміздің тағы да бірнеше қаласында мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға байланысты қоғамдық көлік тегін жүреді. Жергілікті билік мұндай шешімді тұрғындардың сайлау учаскелеріне баруын жеңілдету үшін қабылдаған.

Тегін жол жүру Семей, Атырау, Риддер, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Павлодар және Талдықорған қалаларында ұйымдастырылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар