Астанада бір күнде көктайғақтан 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді
Астана полиция департаменті көктайғақ пен қарға байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолдағы қауіп туралы ескертті.
Салыстырмалы түрде айтсақ, қараша айында елордада тәулігіне орта есеппен 98 жол-көлік оқиғасы тіркеледі.
Жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, көліктер арасында қашықтық ұстау ұсынылды.
Ал жаяу жүргіншілерге жолдан өтер алдында көліктердің толық тоқтағанына көз жеткізу керектігі ескертілді.
Қазгидрометтің мәліметінше, 27 қарашада еліміздің 17 облысы мен үш мегаполисінде дауылды ескерту әлі де күшінде. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 30 метрден асады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026