Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада қар тазалауға 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

kz.kursiv.media

Астанада қар тазалауға 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

Астанада толассыз қар жаууына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

27 қарашадағы күндізгі ауысымда ауыр жүк көліктері 84 рейс жасап, қаладан 1 200 текше метрден астам қар шығарған.

Ал 28 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 600-ден астам арнайы техника мен 500-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жүретін жолдар тазартылады. Одан кейін көлік қозғалысы орташа көшелер, аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар қардан аршылады.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері елордада жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ пен боран болуы мүмкін.

Осыған байланысты әкімдік тұрғындар мен қала қонақтарын жолдар мен тротуарларда абай болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапар алдында ауа райын ескеруге шақырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар