Бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарға шектеу енгізілді
2026 жылғы 27 қараша сағат 18:00-де республикалық маңызы бар автожолдарға шектеу енгізіледі.
Қазавтожолдың хабарлауынша, бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр. Әсіресе, жүк және қоғамдық көлік құралдарының, сондай-ақ жазғы шиналармен жабдықталған автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысында «РФ шекарасы — Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау» автожолының 11-337 шақырым аралығы, яғни Ақтөбе қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін,
Атырау облысында «РФ шекарасы — Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау» автожолының 337-346 шақырым аралығы, яғни Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз кентіне дейінгі жол жабылады.
Жолды 2026 жылы 28 қараша сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Айта кететін жайт, Алматыда тас құлау қаупіне байланысты Алма-Арасанға барар жол бір айға жабылған болатын.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
27 қараша 2026