Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Telegram iPhone иелеріне ескерту жіберді: Дуров жағдайды түсіндірді

kz.kursiv.media

Telegram iPhone иелеріне ескерту жіберді: Дуров жағдайды түсіндірді

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров iPhone қолданушыларын ескі iOS нұсқаларын пайдаланудың қауіпті екенін ескертіп, операциялық жүйені жаңартуға шақырды.

Оның айтуынша, бағдарламалық жасақтамасы ескірген телефондарға хакерлік шабуыл жасалып, жеке деректер мен аккаунттар қауіпке ұшырауы мүмкін.

Дуровтың сөзінше, кей жағдайда құрылғыны бұзу үшін зиянды веб-сайтты ашудың өзі жеткілікті болуы мүмкін. Осыған байланысты Telegram ескі iOS нұсқаларын пайдаланатын қолданушыларға арнайы ескерту хабарламасын таратып жатыр.

Мессенджер жіберген хабарламада ескірген операциялық жүйеде қауіпсіздік осалдықтары бар екені айтылған. Қолданушыларға телефонды жаңарту ұсынылады.

Ол үшін iPhone телефонынан «Баптаулар» бөліміне кіріп, «Негізгі» → «Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» тармағын таңдап, қолжетімді iOS нұсқасының соңғы жаңартуын орнату қажет.

Оқи отырыңыз: Павел Дуров Telegram қолданушыларына өз аккаунтын бұзып көруді ұсынды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар