Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке күдікті әйел ұсталды

kz.kursiv.media

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке күдікті әйел ұсталды

Алматыда бес адамның қаза табуына себеп болған өртке қатысты күдікті ұсталды. 37 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтау кезінде үй ішінен бес адамның мәйітін тапқан. Осы дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап, күдікті әйелдің қозғалыс бағытын анықтаған. Осылайша оқиғаның мән-жайы қалпына келтірілген.

Тергеу нұсқасы бойынша, өртке жеке бас араздығы себеп болған. Күдікті үйді қасақана өртеді деген болжам бар.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда өрт шыққан үйдің маңында түсірілген видео тарады

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар