Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы атанды

kz.kursiv.media

Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Давид Дегтярев Бахрейнде өтіп жатқан парапауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, төртінші рет әлем чемпионы атанды.

Дегтярев 192 келі салмақтағы зілтемірді көтеріп, Азия рекордын жаңартты. Ал үш мүмкіндігінің қорытындысы бойынша 573 келі жинап, барлық қарсыласынан озып шықты. Бұл – Қазақстан құрамасының жарыстағы екінші алтын медалі.

28 қарашада жарыс жолына тағы алты қазақстандық спортшы шығады. Олардың қатарында 59 келіге дейінгі салмақта Әли Ғалымулин мен Вазир Надыров, 50 келіге дейінгі салмақта Гүлім Құрманбаева мен Снежанна Бойко, 65 келіге дейінгі салмақта Қуаныш Рахатұлы мен Андрей Шпицер бар.

Бахрейндегі әлем чемпионатына 41 елден 258 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазақстан құрамасы сапында 23 спортшы бар: 13 ер адам және 10 әйел. Олар жекелей, жұптық және аралас командалық сайыстарда ел намысын қорғайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар