“Қазына” би ансамблінің өкілдері сайлауға қатысты
Бүгін, 29 қарашада, Шымкент қалалық көрме орталығында орналасқан №360 сайлау учаскесінде «Қазына би» ансамблінің 30 мүшесі дауыс берді.
Өнер ұжымы сайлау учаскесіне бірге келіп, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасады.
Өнер адамдарының осылайша ұжым болып дауыс беруі азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі болды. Сонымен қатар бұл бастама мәдениет пен өнер өкілдерінің де қала өміріндегі маңызды саяси үдерістерге бейжай қарамайтынын аңғартады.
Айта кетейік, жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы тұрғындардың мүддесін білдіретін өкілді органды қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси науқан саналады.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қараша, 28
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
29 қараша 2026