Оралда бұзақылар такси жүргізушісіне күш көрсетіп, көлігін айдап кетті

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Жұлдыз» шағын ауданында орын алған. Белгісіз екі адам 24 жастағы таксистке күш көрсетіп, оның «Chevrolet Aveo» көлігін айдап кеткен. Сөйтіп, оған 1,5 млн теңге зиян келтірген. Осы қылмыс бойынша күдікті ретінде Орал қаласының 21 жастағы екі тұрғыны ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Автокөлікті Атырауда сатып жібермекші болған. Темір тұлпар Атыраудан табылып, иесіне қайтарылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігіне (қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
- Соңғы
- Танымал
- Қыркүйек, 17
-
-
-
- Қыркүйек, 16
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
- Қыркүйек, 12
-
- Қыркүйек, 11
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 қыркүйек 2025
18 қыркүйек 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар