15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
 
            2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп жазады Almaty-akshamy.kz. «Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2%) Өзбекстаннан, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден»,- делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%), Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды. Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ.
- Соңғы
- Қазан, 30
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 29
- 
                    
- Қазан, 22
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 21
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 20
- 
                    
- Қазан, 17
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 16
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 15
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 14
- 
                    
- 
                    
                  
                    Басқа жаңалықтар                  
                
                          Күнделікті жаңалықтар
                Бүгін,
31 қазан 2025
              31 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
          
            Басқа жаңалықтар          
        
           
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    