«Күй төресі Қазанғап»

Жинақ үш томнан тұрады. Бірінші томы қазақ тілінде, екінші томы орыс тілінде басылған. Ал үшінші кітапта Қазанғап күйлерінің нотасы жарияланған. Авторлар "бұл-интерактивті кітап" дейді. Мысалы, күйлердің тарихын оқып, қасындағы QR кодты бассаңыз бейненұсқасын да көре аласыз. Монографияда Қазанғаптың 73 шәкіртінің өмірбаяны жазылған. Мұнда да QR кодтың көмегімен өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бергі бейнетаспаларды көруге болады. Таныстырылымның соңы концертке ұласты. Қазанғап Тілепбергенұлы - 1854-1921 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Оның «Көкіл», «Ілме», «Ақжелең», «Бөгелек» секілді күйлері тыңдарманға жақсы таныс. «Бұл істі мен 1978 жылы бастаппын. 1978 жылдан бастап қанша экспедицияға бардым. Сонау Ақтөбе облыстарының бүкіл аудандарын араладым. Мына жағында Түрікменстанға шығып кеттім. Мына жағында Қарақалпақстанға шығып кеттім. Мына жағында Доңызтау. Қай жерде Қазанғаптың күйін орындайтын ақсақал бар десе, соның ізбасарлары бар десе, солардың ізімен жүрдім», - дейді күйші, өнер зерттеуші Абдулхамит Райымбергенов.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар